Дәйек сөз:» Ақырын жүріп анық бас, еңбегің кетпес далаға!» ©️Абай 🔰 Тәрбие сағаты: «Буллингтен қорған» ‼️Құндылықтарды дарыту: сынып ұжымын сыйластыққа, бір-біріне қолдау көрсете білуге тәрбиелеу. ❗️Сабақ барысы: — Тақырыпты ашу;(Бейнеролик) — Буллинг жайлы жалпы ақпарат; (слайд) — «Өзіңе деген сүйіспеншілік пен сенімділікті арттыр. (Тренинг) #БірТұтасТәрбие #БуллингтенҚорған #Атыраутәрбие

Жалпы білім беретін №39 орта мектепте Жас Ұлан ұйымының Руханият бағыты, «Жасампаздық және Жаңашылдық» құндылығы бойынша «Буллинг және оның құрбандары» тақырыбында мектеп психологы К. Курмашева оқушыларға тренинг өткізді. Мақсаты: Жасөспірім кезеңінде кездесетін буллингтің түрлері, себептерін анықтау, қиыншылықтардың және оның алдын алу жұмысын жүргізу, буллинг туралы ақпаратты кеңейту. Жасөспірімдер арасындағы қорлау, мазақтау, қоқан-лоққы көрсетудің алдын алу. Сыйластыққа, бір-бірін қолдау көрсетуге тәрбиелеу. Дайындаған: Мәдени-тәрбиелік бөлімбасы, Руханият бағытының көшбасшысы 9 В сынып оқушысы Жаманқұл Кәусар. #ЖасҰланҰйымыАтырау #Руханиятбағыты #МартаКанатова

Жалпы білім беретін N39 орта мектептің 4 “Б” сынып оқушылары. Сынып оқушылары бірыңғай мектеп формасын сақтап, мектеп өмірінде болып жатқан шараларға қатынасады. Тәртіптері үлгілі, оқуда озат. 4 сынып оқушылары мектеп формасын сақтауға шақырады.

«Таза Қазақстан»♻️ Жалпы білім беретін #39 орта мектебінде сенбі күні 9 сынып оқушыларының қатысуымен «Таза Қазақстан»сенбілік акциясы ұйымдастырылды. Акция жай ұран емес, оның басты мақсаты – қоғамда экомәдениетті қалыптастыру. #Тазаақазақстан #Біртұтас_тәрбие

Жалпы білім беретін #39 орта мектебінде Нұртас Дәндібайұлы Оңдасыновтың 120 жылдығы аясында білім,ғылым,өнер және мәдениет,өндіріске сіңірген еңбегін өскелең ұрпаққа насихаттау мақсатында 11 сынып оқушыларына қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ш.Есалиева қоғам қайраткерініңмірі мен шығармашылығы жөнінде таныстырылым ұйымдастырылды. #Біртұтас_тәрбие

Жалпы білім беретін #39 орта мектебінде Атырау қаласы #2 қалалық полиция бөлімінің участкелік полиция инспекторы полиция лейтенанты Ақбалаев Айдын Болатович 26 қыркүйек күні 9-11 сынып ұл балаларына құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында профилактикалық түсіндірме жұмыстарын ұйымдастырды.Оқушылар білім ордасына пайдалануға тыйым салынған заттарды(газ балондар,пышақтау-кесу қаруын,оқ-дәрі,жарылғыш,химиялық және улы заттар,психоакивті)әкелуге болмайтынын қатаң ескертті. #Біртұтас_тәрбие #Атырау_тәрбиебөлімі #ПолицияБасқармасы