Рубрика: Мектеп галереясы

Цифрландыру – Қазақстанның озық ел атану жолындағы мақсаты емес, құралы.

Бәсекеге қабілетті болу, өсімді өнім өндіруді арттыру. Мемлекет басшысы цифрландырудың маңызын осылай түсіндірді. Ендеше, қоғамның барлық саласын цифрландыру маңызды міндет. Осы тұста, руханияттың қазығына айналған кітапханаларды цифрландыруға басымдық беріле бастады.…

«Тәуелсіздікке 30 жыл-30 кітап»

Отанға деген сүйіспеншілік, құрмет сезіміне тәрбиелеу. Балаларды елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу. Елбасы, Астана жайында мәлімет беру. Оқушылардың дүниетанымын кеңейту, тіл байлығын, логикалық ойлау қабілетін дамытуда «Тәуелсіздікке 30 жыл-30…

14 ақпан-кітап сыйлау күніне орай мектебімізде электронды кітап сөресі ашылды.

  Электронды кітаптың ыңғайлы түрінің бірі – «мобильді кітапхана». Бұл қосымшаны смартфонға жүктеп алуға қолайлы. Яғни, қалта телефонындағы Play Маркеттен «QR -код» қосымшасын жүктеп алып, керекті кітапты оқуға мүмкіндік бар. Оқушыларға электронды…

«Мұқағали-мәңгілік ғұмыр»

Оқушыларды қазақтың лирик, мұзбалақ ақыны,өз заманында лайық бағасын ала алмаса да өзінен кейінгілер үшін мәртебесі биік ақиық ақын атанған Мұқағали бейнесімен таныстырып,ғасырлар тоғысында ғасыр ақына атанған Мұқағали Мақатаевтың ақындық талантын…

You missed

🇰🇿 25- қазан Республика күні. 🇰🇿 Республика күнінің маңыздылығын түсіндіру мақсатында №39 орта мектебінің Кiтапхана мамандары, 3 «К» сынып оқушыларымен бірге «Асқақтай бер, айбынды Қазақстан!» тақырыбында шара өткізілді. 🇰🇿 Мақсаты: оқушыларды өз Отанын сүюге, қазақ екенін, Қазақстанда тұратынын мақтаныш етуге , туған халқының тілін, мәдениетін, салт- дәстүрін сыйлауға тәрбиелеу. Отанға деген партиоттық сезімдерін ояту. Оқырмандарға елінің Туын, Елтаңбасын,Әнұранын, тарихын білуге арналған әдебиеттерді насихаттау. 🇰🇿 Шара барысында оқушылар сұрақ жасырылған шарларды жарып, ішіндегі Отанға , туған жерге, туған елге, рәміздерге қатысты сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар Отан,Қазақстан, туған ел туралы өлең айтып, мақал- мәтелдермен жарысты. 🇰🇿 Және мерекеге орай жасақталған » Егемен елдің еңсесі биік» атты кітап көрмесі таныстырылды.

🇰🇿Оқушыларға Қазақстан Республикасының тарихын, мемлекетіміздің даму жолындағы маңызды кезеңдерін таныстыру, отансүйгіштік қасиеттерін арттыру және елдің болашағына деген сенімін күшейту мақсатында 8 «Б» сыныбында Республика күніне арналған сынып сағаты өткізілді. Сабақ барысында Қазақстанның тәуелсіздік алу тарихы, еліміздің саяси, әлеуметтік және мәдени жетістіктері жайлы айтылды. Оқушыларға Республика күнінің маңыздылығы мен оның еліміздің дамуы үшін рөлі түсіндірілді. Сабақта тарихи оқиғаларға шолу жасалып, Қазақстанның дамуындағы маңызды тұлғалар жайлы айтылды. Сонымен қатар, оқушылардың белсенді қатысуымен топтық талқылаулар өткізіліп, Республика күніне арналған викторина, жасанды интеллект тапсырмаларымен мақалды табу тапсырмалары ұйымдастырылды. Сабақ соңында оқушылар Қазақстанның тәуелсіздігі мен Республика күніне қатысты өз пікірлерін білдіріп, ел болашағына деген сенімдерін көрсетті. Сабақтың негізгі мақсаты орындалды: оқушыларда елге деген сүйіспеншілік, патриоттық сезімдер нығайды. #Біртұтастәрбие #сыныпжетекшіатырау #atyrautarbie