Қайырымдылық – жүректен!
«Мектепке жол» республикалық акциясы аясында жалпы білім беретін №39 орта мектепке жергілікті кәсіпкер IQ ZEYIN өнер-білім орталығының директоры Талапты Құсайынқызы демеушілік жасап, 50 мектеп сөмкесін аз қамтылған , көпбалалы және ерекше баласы бар отбасылардан шыққан оқушыларға табыстады.
Шара барысында мектеп директоры Айман Олжағалиқызы ата-аналар мен оқушыларды жаңа оқу жылының бастамасымен шын жүректен құттықтап,демеушілерге алғысын білдірді.
Керемет шара IQ ZEYIN өнер-білім мектебінің оқушыларының концерттік бағдарламасына жалғасты.
Бұл – балалардың мектепке шат көңілмен баруына үлкен қолдау!
Мектебіміз атынан демеушіге шын жүректен алғыс айтамыз!
🤝 Жақсылық жасау – әркімнің қолынан келеді.
Бала қуанышы – баршаға ортақ қуаныш!
#МектепкеЖол
#39Мектеп
#Қайырымдылық
#БалаБолашағы

От admin