Жалпы білім беретін №39 орта мектебінде ????«Мектебім – мейірім мекені»????тақырыбында алғашқы қоңырау салтанатты жиын өтті. Мемлекеттік ту көтеріліп, Гимн орындалды. Алғашқы құттықтау сөзі мектеп директоры Айман Олжагалиқызына беріліп, келген ата-аналар мен оқушыларды, мектеп ұстаздарын Білім күнімен құттықтады. Мектептің жеткен жетістіктері мен табыстары, атқарылған жұмыстары туралы қысқаша баяндап, жоғары нәтижеге жетуіне қолдау білдірген барша ата-аналар мен ұстаздарға алғыс айтты. Салтанатты жиынның қонақтары Атырау облыстық сәулет және қалақұрылыс басқармасының басшысы Биғали Нариман Хамидоллаұлы, қалалық білім бөлімі маманы Шаданов Жандос Ермекұлы және Атырау қалалық маслихат депутаты Кумисалиев Руслан Асылбайұлы қатысып, мектеп оқушылары мен ұстаздарын жаңа оқу жылымен құттықтап, толағай табыстарға жете берулеріне тілектестік білдірді.
Мектеп табалдырығын алғаш аттап отырған 1-ші сынып оқушылары тақпақтарын айтып, жұрттың қошеметіне бөленді. Алғашқы қоңырау соғу рәсімін мектебіміздің жас бүлдіршіндері Нұраден Адият пен Нұрлыбек Асылай алаңды айнала сылдырлатып, барша қонақтарды айырықша әсем күйге бөлей кетті.
Барша ұстаздар мен ата-аналарды және оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтай отырып, биік белестерге, зор табыстарға жете берулеріне тілектестік білдіреміз.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *