Автор: admin

Рухты асқақтатар рәміздер

ҚР мемлекеттік рәміздерін насихаттау мақсатында апталық аясында өткізілген шаралар. Тақырыбы: Рухты асқақтатар рәміздер Мақсаты: Оқушылардың аса маңызды мемлекеттік белгілер — рәміздер жөніндегі білімдерін жан-жақты сарапқа салу, оларға мемлекеттік белгілердің аса…

«Нашақорлық-қоғам дерті» тақырыбында жоғарғы сынып оқушыларына бейнебаян көрсетілді

Жалпы білім беретін №39 орта мектебінде «Нашақорлық-қоғам дерті» тақырыбында жоғарғы сынып оқушыларына бейнебаян көрсетілді. Мектеп тәрбие бөлімі мен психологтары оқушыларға зиянды заттардан аулақ болуға, салауатты өмір салтын берік ұстануға кеңес…

Республикалық олимпиадасының I-ші кезеңі- мектепішілік олимпиадасы басталды.

Бүгін Атырау қаласы білім бөлімі, «Таланттарды анықтау және қолдау орталығың» тапсырмасына сәйкес Жалпы білім беретін 39 орта мектепте 9-11 сынып оқушыларының негізгі пәндері бойынша Республикалық олимпиадасының I-ші кезеңі- мектепішілік олимпиадасы…

You missed

Жаңа мектеп жобасы аясында алғашқы сабақтарды Перизат Дюсенгалиевна мен Аяжан Амантайқызы батылдық танытып өте жауапкершілікпен сапалы өткізіп шықты. Білім алушылар өте еркін, қызу жұмыс, өзара талдау, өзара бақылау, өзара бағалау жүріп отырды және де барлық бала үдеріске қатынасты. Яғни екі мұғалім де бұл жұмысты күнде орындап отырғандығы байқалды. Күнделікті жұмыстың нәтижесін көрсетті. Сабақ тиімді жоспарланған, тиімді әдістер алынған бір сабақтың ішінде білім алушылар орындарынан тұрып, бірнеше дос тауып өздерінің білімдерін жұбымен салыстырды, бағалады, қорытынды жасады, уақытқа бағынды. Білім алушылардың сөйлеу мәдениеті қалыптасқан. Жүйелі сөйлеп, қазақ тілден де, математикадан да білімдерінің тереңдігі мен сауаттылығын көрсетті. Тапсырманы меңгеріп алған білім алушылар, мұғалімнің жұмысын жеңілдету мақсатында басқа топтарға барып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Яғни, мұғалім көшбасшы оқушыны анықтады деп айтуға болады. Екі сабақ та мақсатына жетті. Перизат та, Аяжан да кәсіби жетілген өз істерінің суретшілері, хас шеберлері.Жұмыс барысында кездескен кедергілерді жеңе білетін , өзгерісті қабылдай алатын, өзгеріске бейім ұстаздарымыз жарайсыздар!!!👏👏👏