Мәңгілік жаса, қыран елім – Қазақстан! Бүгін біздің еліміз үшін ерекше күн — 25 қазан, Республика күні! Бұл күн — егеменді еліміздің іргесін бекітіп, тәуелсіздікке бастаған тарихи сәттің символы. 1990 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясына биыл 35 жыл толып отыр. Осы айтулы мерекеге орай жалпы білім беретін #39 орта мектебінде «Мәңгілік жаса, қыран елім – Қазақстан!» атты мерекелік шара өткізді. Шара барысында: Шарада Мемлекеттік Гимн орындалып,мектеп директоры Айман Олжағалиқызы мерекемен құттықтап ,Егемендік Декларацияның тарихын айрықша атап өтті. Мектеп оқушылар патриоттық әндер орындап, жыр-шумақтар оқып,би биледі. Қазақстанның даму жолын айшықтайтын бейнероликтер ұсынылды; Туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін ұялатқан әсерлі сәттер орын алды. Бүгінгі шараның қадірменді қонақтары үйден білім алатын оқушыларымыз бен ата-аналары қатысты. Мереке барша қазақстандықтарға рух пен бірлік сыйлады! Көк туымыз биікте желбірей берсін, тәуелсіз еліміз мәңгі жасай берсін! #РеспубликаКүні #Қазақстан Егемендік35жыл #МәңгілікЕл #Адал_азамат #Біртұтас_тәрбие