Навигация по записям Ас мәзірі 17 -09-2024 «Қылмыс және жауапкершілік»тақырыбында мектеп оқушыларына түсіндірме жұмыстарын жүргізілді☑️ Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу – қоғамдағы қылмысты болдырмаудың аса маңызды шарттарының бірі. Осы ретте, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын-алу, оларды болдырмау мақсатында 9 қыркүйек күні Атырау қаласының полиция басқармасы №2 қалалық полиция бөлімі, Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы полиция аға лейтенанты Акбалаев Айдын Болатович мектебімізде 7-8 сынып оқушыларына жиын өткізді. Жиында оқушыларға құқықтық сауаттылықты арттыру бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, полиция қызметкерлеріне қойылған әртүрлі сұрақтарға оқушылар жауап берілді. #Біртұтас_тәрбие #полицияАтырау