1 мамыр — Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай мектебімізде 1-2 сынып оқушыларының қатысуымен мерекелік шеру ұйымдастырылды.
Салтанатты жиында ҚР-сының мемлекеттік Гимні орындалып,мектеп директоры А.Қуанбаева шараға жиналған оқушылар мен ата-аналарды мерекемен құттықтап,жылы лебізін білдірді.
Жыл сайын атаулы мерекеде Қазақстан аумағында тұрып жатқан 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері киелі қара шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын тойлайды.
1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні. 1995 жылдың наурызында дүние жүзіне үлгі болып отырған, ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені – Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды.
Қазақстан халқының ынтымағы жарасып, бірлігі арта берсін.
#Біртұтас_тәрбие_Атырау
#СыныпжетекшіАтырау
#birlikkuni2025