📖Мектебімізде «Озат оқуым-отанға тартуым» атты озат оқушыларды марапаттау рәсімі өтті. Аралық емтиханды сәтті тапсырып, 5-8,10 сыныптар арасында оқу озаттары өте жақсы оқығаны үшін 118 оқушы Мақтау қағазымен марапатталды. Мектеп директоры Айман Олжағалиқызы оқушыларымызды құттықтап,алдағы уақытта тек үздіктер қатарынан көріне беріңіздер деп тілек білдірді.
Марапаттау соңында оқушылар мектеп дәліздерін аралап Үздіктер Шеруі ұйымдастырылды.
📎 Еліміздің ертеңі — осы балалар ғой. Бүгін оқуда алда болған бала — ертеңгі мықты мамандар. Әр бала келешекте өз ісінің шебері, білікті маманы болса, еліміздің болашағы жарқын болары анық.
Ең бастысы, білімді, тәрбиелі ұрпақ өсе берсін!
#Озаттаршеруі

От admin