«Желідегі қауіпсіздік»Атырау қаласы Жалпы білім беретін #39 орта мектебінде «Өркен балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институтының» тапсырмасы бойынша 2025 жылдың 21 қазан күні «Желідегі қауіпсіздік» атты республикалық флешмоб өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылар арасында интернет желісінде қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, кибербуллинг пен алаяқтықтың алдын алу, әлеуметтік желілерді жауапкершілікпен және сауатты пайдалану дағдыларын дамыту болып табылады. Флешмоб барысында оқушыларға желідегі жеке деректерді қорғау, жалған ақпарат пен қауіпті сілтемелерден сақтану жолдары түсіндірілді. Флешмобқа 5 сынып оқушылары қамтылды. #ЖелідегіҚауіпсіздік #StopCyberbyllying #Достық #Қолдау #Флешмоб2025