Жалпы білім беретін №39 орта мектебінде Қазақстан Республикасының Егемендік декларациясының қабылданғанына 35 жыл толуына орай патриоттық бағыттағы фильмдер көрсетілімі 5 сынып оқушыларына ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың отансүйгіштік рухын арттыру, ел тарихына деген құрмет пен тәуелсіздік құндылықтарын насихаттау болды. Фильмдер көрсетілімі аяқталған соң оқушылармен пікірталас ұйымдастырылып, егемен ел болудың маңызы мен жастардың ел дамуына қосар үлесі жөнінде ой бөлісті. #Адал_азамат #Біртұтас_тәрбие