Жалпы білім беретін №39 орта мектебінде «Отбасында зорлық-зомбылыққа жол жоқ» тақырыбында ата-аналарға арналған семинар-тренинг 24 қараша 2023 жылы болып өтті. Қамтылған тақырыптар:
1. Психологиялық тренинг;
2.Зорлық-зомбылықтың және қатыгездіктің алдын алу;
3.Өз-өзіне қол жұмсаудың алдын алу;
Семинарда айтылған мәселелер төңірегінде ата-аналар сұрақтарын қойып, мамандардан жауаптарын алды.
Ата-аналарға жасөспірімдердің психологиялық ерекшілігі туралы, олармен дұрыс қарым-қатынас жасаудың жолдарын айтылып, кеңес берілді және қысқа метражды фильм көрсетілді. Фильмнен отбасындағы кикілжің, көңіл бөлмеу, тәрбиеден кеткен қателік жасөспірімді өмірмен қоштасуына дейін жеткізіп отырғанын түсінгендер көздеріне жас алып, жүрекке жеткен сезімдерімен бөлісті. Ата-аналар семнар-тренингтен құнды ақпараттар мен жақсы әсер алғандарын және бала тәрбиесіне байыппен қарайтындарын айтты.
Ұйымдастырушылар:
Мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары мен мектеп психологтары.