Мектептің даму жоспарына сәйкес жалпы білім беретін #39 орта мектепте бірнеше жобалық жұмыстар іске асты.
» Спорт- денсаулық кепілі» тақырыбында мұғалімдер арасында эстафеталық ойындар өткізілді. Әртүрлі пәннің мұғалімдері қатынасқан бұл жоба өте тартысты, қызықты өтті. Жобаның мақсаты- салауатты өмір салтын насихаттау, мұғалімдердің арасында достық, ынтымақтастық қарым- қатынас орнату.
» Кітап- ақылына ақы сұрамайтын құнды қазына» тақырыбында кітап оқу жобасына 25 мұғалім, 98 білім алушы қатынасты. Әр түрлі жанрда 27 шығарманың тақырыптары жас ерекшеліктеріне қарай таңдалды ( роман, повесть, проза, ертегі, буктрейлер) З.Ахметованың » Шуақты күндер», Ә. Нұршайықов » Махабат қызық мол жылдар», М. Дулатов » Бақытсыз Жамал» , Б. Момышұлы » Ұшқан ұя» Ш. Айтматов » Плаха», Б. Соқпақбаев » Балалық шаққа саяхат» , » Өлгендер қайтып келмейді» Бастауыш сыныптар бойынша ертегілер жинағы тб шығармалар алынды. Мақсаты- білім алушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын арттыру. Жоба аясы төмендегі нәтижесін берді:
— сөздік қорын байытты;
— қоршаған ортаны танып, әлемді, өзіне таныс емес дүниені түсінуіне үйретті;
-жоспармен жұмыс жасауға, өзіне өзі есеп беруге;
— ата- аналармен ынтымақтастық қарым қатынаты одан әрі арттырды;
— кітапты талдауға, сарапқа салуға, бағалауға үйретті;
Команда кітап оқу жобасын әртүрлі форматта, бір- біріне ұқсамайтын, өзіндік ерекшеліктерімен қорғады.
» Ән қанатында…» ән жобасы жергілікті сазгер, ҚР мәдениет саласының үздігі- Әбдіғаппар Жұмаханұлының әндеріне арналды. Бұл жобаға- 12 мұғалім, 7 білім алушы қатынасып, сазгердің туған жері Қызылқоға ауданына барып, кейіпкермен кездесіп, сұхбат жүргізді. Әртүрлі тақырыпқа қалам тартқан әннің тарихы зерттелді. Кейіпкердің өмірі мен шығармашылығы таныстырылды.
Бұл жобалық жұмыстар мұғалімдер мен оқушылар тарапынан сұранысқа ие.
Оқу жылының аяғына дейін жобалық жұмыстар жалғасын табады