Жалпы білім беретін №39 орта мектебінде Жас Ұлан ұйымының «ЗЕРДЕ» бағыты бойынша «Әдеби классика кино әлемінде» апталығы өткізілді.
1. «Рухани құндылықтар» тақырыбында оқушылардың оқыған кітап және кино мазмұнын талқылау мақсатында 8 сынып оқушыларымен М.Әуезовтың повесті желісі бойынша түсірілген «Көксерек» фильмі көрсетіліп, талқыланды. Пән мұғалімі Жеткізгенұлы Рамазан.
2.   9 сынып оқушыларына Бальзак, Гюго, Мопассанның өмірі мен шығармашылығы таныстырылып, Мопассанның «Парижское приключение» шығармасының желісімен түсірілген бейнежазба көрсетілді.  Пән мұғалімі Бағытова Ақтілек.
3. 7 сынып жетекшісі Төлегенова Гүлфара Абай Құанбаевтің өмірбаянымен таныстырып, «Абай» киносын көрсетті.

Мақсаты: Әңгіме мазмұны арқылы кейіпкерлер іс-әрекетіне, оқушылардың тақырыпқа қызығушылығын ояту.
Табиғатты қорғауға, аялап баптап күтуге, адамгершілікке тәрбиелеу.

#МартаКанатова
#ЗердеЖасҰланАтырау
#zerdezhasulanatyrau
#зердебағыты

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

You missed

МЕКТЕБІМ — МЕЙІРІМ МЕКЕНІ🔔🔔🔔 Алғашқы қоңырау салтанатты жиыны өтті 🔔Мектеп, мектеп – менің жарқын көңілім, 🔔Мектеп, мектеп – шаттыққа толы өмірім. 🔔Мектеп, мектеп, әнім болып төгілдің 👏Мектеп, мектеп, анам болып көріндің. Мектебімізде 1 қыркүйек -Білім күніне орай «Мектебім — мейірім мекені» тақырыбында салтанатты жиыны өтті. Салтанатты жиында ҚР Мемлекеттік Гимні орындалып, алғашқы құттықтау сөз кезегі мектеп директоры Куанбаева Айман Олжагалиевнаға беріліп, ұстаздар,оқушылар және ата-аналарды жаңа оқу жылымен құттықтап,алғаш мектеп табалдырығын аттағалы отырған бүлдіршіндерге ақ жол тіледі. Шара барысында 1 сынып оқушылары өз арнауларын арнап, ән шырқады,11 сынып оқушылары бүлдіршіндерге естелік сыйлықтарын табыстады. Биылғы оқу жылында мектебімізде 300 бүлдіршін мектеп табалдырығын аттап, 1 сыныпқа қадам басты. Жаңа оқу жылында барша мектеп ұжымына денсаулық, амандық, шығармашылық табыстар тілейміз. Білім берген шәкірттеріміз биіктен көрініп,мерейіміз асқақтай берсін.