11—15 Желтоқсан аралығында мектебімізде «Тарих—география» пән бірлестігінің апталығы өткізілуде. Апталық жоспарына сай кезекті жұмысты география пәні мұғалімі Сисенгалиева Алтын «Білім алушылардың ойлау дағдыларын қалыптастыратын STEAM әдістерін қолдану» тақырыбында семинар өткізді. Семинар барысында » STEAM»—нің жаратылыстану пәндері арасындағы байланыс түсіндіріліп, сабақ барысындағы элементтер көрсетілді. Семинарға қатысушы мұғалімдер қызығушылықпен қатынасып, өздеріне түрлі идеялар алып тарасты.