Жалпы білім беретін №39 мектебінде Өзін — өзі басқару ұйымының «Өзін — өзі тану және Бақыт «фракция министрі Жолдасқали Қызғалдақ Өте жақсы, әдепті болу – әр баланың міндеті,әдептілік адамның ең жақсы қасиеті — дегендей «Әдеп ең қымбат мирас» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды.
Сабақтың мақсаты: Балалардың өмірге қажетті білік-дағдыларын тереңдете отырып,ұлттық әдеп-ғұрып пен салт-дәстүрге баулу, сәлемдесу, қонақ күту,
сыйластық, үлкенге құрмет көрсету, кішіге қамқор болу тәрізді әдептілік қағидаларын меңгерту арқылы имандылыққа, инабаттылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Дөңгелек үстел барысында мектеп психологі З.Есенгулова тренинг өткізді. Оқушылар өз ойларын сұрақ-жауап арқылы жеткізді,ойын ойнатылды.