Последнее сообщение

24-12-2024 19-12-2024 13-12-2024 12-12-2024 Жаңа мектеп жобасы аясында алғашқы сабақтарды Перизат Дюсенгалиевна мен Аяжан Амантайқызы батылдық танытып өте жауапкершілікпен сапалы өткізіп шықты. Білім алушылар өте еркін, қызу жұмыс, өзара талдау, өзара бақылау, өзара бағалау жүріп отырды және де барлық бала үдеріске қатынасты. Яғни екі мұғалім де бұл жұмысты күнде орындап отырғандығы байқалды. Күнделікті жұмыстың нәтижесін көрсетті. Сабақ тиімді жоспарланған, тиімді әдістер алынған бір сабақтың ішінде білім алушылар орындарынан тұрып, бірнеше дос тауып өздерінің білімдерін жұбымен салыстырды, бағалады, қорытынды жасады, уақытқа бағынды. Білім алушылардың сөйлеу мәдениеті қалыптасқан. Жүйелі сөйлеп, қазақ тілден де, математикадан да білімдерінің тереңдігі мен сауаттылығын көрсетті. Тапсырманы меңгеріп алған білім алушылар, мұғалімнің жұмысын жеңілдету мақсатында басқа топтарға барып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Яғни, мұғалім көшбасшы оқушыны анықтады деп айтуға болады. Екі сабақ та мақсатына жетті. Перизат та, Аяжан да кәсіби жетілген өз істерінің суретшілері, хас шеберлері.Жұмыс барысында кездескен кедергілерді жеңе білетін , өзгерісті қабылдай алатын, өзгеріске бейім ұстаздарымыз жарайсыздар!!!👏👏👏

Жалпы білім беретін N39 орта мектептің 4”Е” сынып оқушылары “Отбасы” күніне орай “Менің еңбексүйгіш отбасым”тақырыбында бейнероликтер түсіріп,өз отбасымен өткізген қызықты сәттерімен бөлісті. Мақсаты:Оқушыларды еңбексүйгіштікке баулу,отбасылық құндылықтарды күшейту, отбасылық үлгілі тәжірибені көпшілікке таныту. Сынып жетекшісі:Боранбаева Гүлжан

«Қылмыс және жауапкершілік»тақырыбында мектеп оқушыларына түсіндірме жұмыстарын жүргізілді☑️ Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу – қоғамдағы қылмысты болдырмаудың аса маңызды шарттарының бірі. Осы ретте, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын-алу, оларды болдырмау мақсатында 9 қыркүйек күні Атырау қаласының полиция басқармасы №2 қалалық полиция бөлімі, Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы полиция аға лейтенанты Акбалаев Айдын Болатович мектебімізде 7-8 сынып оқушыларына жиын өткізді. Жиында оқушыларға құқықтық сауаттылықты арттыру бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, полиция қызметкерлеріне қойылған әртүрлі сұрақтарға оқушылар жауап берілді. #Біртұтас_тәрбие #полицияАтырау

«Менің Отаным – Қазақстан» Құндылық: «Тәуелсіздік және Отаншылдық» Мақсаты : Оқушыларға Қазақстанның тарихын, мәдениетін, табиғатын таныстырып, елге деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімді қалыптастыру. * Оқушылардың бойында мемлекеттік рәміздерге, ұлттық құндылықтарға деген құрмет сезімін ояту.Туған жерді қорғауға және мақтан етуге тәрбиелеу. 8 «Б»сыныбы Сынып жетекші:Сабитова Асылзат

МЕКТЕБІМ — МЕЙІРІМ МЕКЕНІ🔔🔔🔔 Алғашқы қоңырау салтанатты жиыны өтті 🔔Мектеп, мектеп – менің жарқын көңілім, 🔔Мектеп, мектеп – шаттыққа толы өмірім. 🔔Мектеп, мектеп, әнім болып төгілдің 👏Мектеп, мектеп, анам болып көріндің. Мектебімізде 1 қыркүйек -Білім күніне орай «Мектебім — мейірім мекені» тақырыбында салтанатты жиыны өтті. Салтанатты жиында ҚР Мемлекеттік Гимні орындалып, алғашқы құттықтау сөз кезегі мектеп директоры Куанбаева Айман Олжагалиевнаға беріліп, ұстаздар,оқушылар және ата-аналарды жаңа оқу жылымен құттықтап,алғаш мектеп табалдырығын аттағалы отырған бүлдіршіндерге ақ жол тіледі. Шара барысында 1 сынып оқушылары өз арнауларын арнап, ән шырқады,11 сынып оқушылары бүлдіршіндерге естелік сыйлықтарын табыстады. Биылғы оқу жылында мектебімізде 300 бүлдіршін мектеп табалдырығын аттап, 1 сыныпқа қадам басты. Жаңа оқу жылында барша мектеп ұжымына денсаулық, амандық, шығармашылық табыстар тілейміз. Білім берген шәкірттеріміз биіктен көрініп,мерейіміз асқақтай берсін.