Последнее сообщение

24-12-2024 19-12-2024 13-12-2024 12-12-2024 Жаңа мектеп жобасы аясында алғашқы сабақтарды Перизат Дюсенгалиевна мен Аяжан Амантайқызы батылдық танытып өте жауапкершілікпен сапалы өткізіп шықты. Білім алушылар өте еркін, қызу жұмыс, өзара талдау, өзара бақылау, өзара бағалау жүріп отырды және де барлық бала үдеріске қатынасты. Яғни екі мұғалім де бұл жұмысты күнде орындап отырғандығы байқалды. Күнделікті жұмыстың нәтижесін көрсетті. Сабақ тиімді жоспарланған, тиімді әдістер алынған бір сабақтың ішінде білім алушылар орындарынан тұрып, бірнеше дос тауып өздерінің білімдерін жұбымен салыстырды, бағалады, қорытынды жасады, уақытқа бағынды. Білім алушылардың сөйлеу мәдениеті қалыптасқан. Жүйелі сөйлеп, қазақ тілден де, математикадан да білімдерінің тереңдігі мен сауаттылығын көрсетті. Тапсырманы меңгеріп алған білім алушылар, мұғалімнің жұмысын жеңілдету мақсатында басқа топтарға барып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Яғни, мұғалім көшбасшы оқушыны анықтады деп айтуға болады. Екі сабақ та мақсатына жетті. Перизат та, Аяжан да кәсіби жетілген өз істерінің суретшілері, хас шеберлері.Жұмыс барысында кездескен кедергілерді жеңе білетін , өзгерісті қабылдай алатын, өзгеріске бейім ұстаздарымыз жарайсыздар!!!👏👏👏

🇰🇿 25- қазан Республика күні. 🇰🇿 Республика күнінің маңыздылығын түсіндіру мақсатында №39 орта мектебінің Кiтапхана мамандары, 3 «К» сынып оқушыларымен бірге «Асқақтай бер, айбынды Қазақстан!» тақырыбында шара өткізілді. 🇰🇿 Мақсаты: оқушыларды өз Отанын сүюге, қазақ екенін, Қазақстанда тұратынын мақтаныш етуге , туған халқының тілін, мәдениетін, салт- дәстүрін сыйлауға тәрбиелеу. Отанға деген партиоттық сезімдерін ояту. Оқырмандарға елінің Туын, Елтаңбасын,Әнұранын, тарихын білуге арналған әдебиеттерді насихаттау. 🇰🇿 Шара барысында оқушылар сұрақ жасырылған шарларды жарып, ішіндегі Отанға , туған жерге, туған елге, рәміздерге қатысты сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар Отан,Қазақстан, туған ел туралы өлең айтып, мақал- мәтелдермен жарысты. 🇰🇿 Және мерекеге орай жасақталған » Егемен елдің еңсесі биік» атты кітап көрмесі таныстырылды.

🇰🇿Оқушыларға Қазақстан Республикасының тарихын, мемлекетіміздің даму жолындағы маңызды кезеңдерін таныстыру, отансүйгіштік қасиеттерін арттыру және елдің болашағына деген сенімін күшейту мақсатында 8 «Б» сыныбында Республика күніне арналған сынып сағаты өткізілді. Сабақ барысында Қазақстанның тәуелсіздік алу тарихы, еліміздің саяси, әлеуметтік және мәдени жетістіктері жайлы айтылды. Оқушыларға Республика күнінің маңыздылығы мен оның еліміздің дамуы үшін рөлі түсіндірілді. Сабақта тарихи оқиғаларға шолу жасалып, Қазақстанның дамуындағы маңызды тұлғалар жайлы айтылды. Сонымен қатар, оқушылардың белсенді қатысуымен топтық талқылаулар өткізіліп, Республика күніне арналған викторина, жасанды интеллект тапсырмаларымен мақалды табу тапсырмалары ұйымдастырылды. Сабақ соңында оқушылар Қазақстанның тәуелсіздігі мен Республика күніне қатысты өз пікірлерін білдіріп, ел болашағына деген сенімдерін көрсетті. Сабақтың негізгі мақсаты орындалды: оқушыларда елге деген сүйіспеншілік, патриоттық сезімдер нығайды. #Біртұтастәрбие #сыныпжетекшіатырау #atyrautarbie

25 ҚАЗАН РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕКТЕПІШІЛІК ӘН ҰРАН ОРЫНДАЛДЫ. 🇰🇿Республика күні – Тәуелсіздігімізді ұлықтайтын мереке. Бұл күн – ата — бабамыз аңсаған арманның жүзеге асқан, елімізге еркіндік сыйлаған Ұлы күн. 🇰🇿Мемлекеттің символын айқындайтын маңызды мерекеміз Республика күні құтты болсын! Тәуелсіздігіміз тұғырлы, елдігіміз ғұмырлы болсын. Еліміздің туы асқақтап, келешегі көркейе берсін. #біртұтастәрбие #Атыраутәрбие #патриотизмдауысы

25 ҚАЗАН РЕСПУБЛИКА КҮНІ 2024 жылдың 23 қазанында Жалпы білім беретін #39 орта мектебінде “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында 25 қазан – Республика күніне ата-аналарға, ұстаздар мен оқушыларға арналған «Мәңгілік жаса, қыран елім!» тақырыбында мерекелік шара өткізілді. Мақсаты:Оқушылардың Отанға деген жанашырлығы мен сүйіспеншілігін арттырып, патриоттық рухты қалыптастыру. #Республика күні #біртұтастәрбие #Атыраутәрбие