Последнее сообщение

24-12-2024 19-12-2024 13-12-2024 12-12-2024 Жаңа мектеп жобасы аясында алғашқы сабақтарды Перизат Дюсенгалиевна мен Аяжан Амантайқызы батылдық танытып өте жауапкершілікпен сапалы өткізіп шықты. Білім алушылар өте еркін, қызу жұмыс, өзара талдау, өзара бақылау, өзара бағалау жүріп отырды және де барлық бала үдеріске қатынасты. Яғни екі мұғалім де бұл жұмысты күнде орындап отырғандығы байқалды. Күнделікті жұмыстың нәтижесін көрсетті. Сабақ тиімді жоспарланған, тиімді әдістер алынған бір сабақтың ішінде білім алушылар орындарынан тұрып, бірнеше дос тауып өздерінің білімдерін жұбымен салыстырды, бағалады, қорытынды жасады, уақытқа бағынды. Білім алушылардың сөйлеу мәдениеті қалыптасқан. Жүйелі сөйлеп, қазақ тілден де, математикадан да білімдерінің тереңдігі мен сауаттылығын көрсетті. Тапсырманы меңгеріп алған білім алушылар, мұғалімнің жұмысын жеңілдету мақсатында басқа топтарға барып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Яғни, мұғалім көшбасшы оқушыны анықтады деп айтуға болады. Екі сабақ та мақсатына жетті. Перизат та, Аяжан да кәсіби жетілген өз істерінің суретшілері, хас шеберлері.Жұмыс барысында кездескен кедергілерді жеңе білетін , өзгерісті қабылдай алатын, өзгеріске бейім ұстаздарымыз жарайсыздар!!!👏👏👏

Жалпа білім беретін №39 орта мектебінде «Жас сарбаз» сыныбының ант қабылдау салтанатты жиыны болып өтті. Мақсаты: Өскелең ұрпақтың бойында жоғары азаматтық белсенділікті,патриотизмді,рухани-адамгершілік дамуды тәрбиелеу,жеке тұлғаны және Отан алдындағы жауапкершілік сезімін қалыптастыру,салауатты өмір салтын насихаттау және жастар арасында дене шынықтыру мен әскери-қолданбалы спорт түрлерін танымал ету.

№39 орта мектептің «Өзін-өзі басқару» ұйымының Президентін сайлауы өтті. Сайлауға 8 оқушы үміткер ұсыныс білдірді. Сайлау жетістігі: 11 ә сынып оқушысы Замирова Нұрай 72% пайызбен «Өзін өзі басқару» ұйымының Президенті болып сайланды. #ҒаниБейсембиев #Медетбекова #Атажанова #Өзінөзібасқару #Самоуправление #Біртұтастәрбие

Дәйек сөз:» Ақырын жүріп анық бас, еңбегің кетпес далаға!» ©️Абай 🔰 Тәрбие сағаты: «Буллингтен қорған» ‼️Құндылықтарды дарыту: сынып ұжымын сыйластыққа, бір-біріне қолдау көрсете білуге тәрбиелеу. ❗️Сабақ барысы: — Тақырыпты ашу;(Бейнеролик) — Буллинг жайлы жалпы ақпарат; (слайд) — «Өзіңе деген сүйіспеншілік пен сенімділікті арттыр. (Тренинг) #БірТұтасТәрбие #БуллингтенҚорған #Атыраутәрбие