Последнее сообщение

🇰🇿9 «Б» сыныбы Республика күніне өткізген сынып сағаты🇰🇿 #сыныпжетекшіатырау #біртұтатастәрбие #атыраутәрбие 🇰🇿 25- қазан Республика күні. 🇰🇿 Республика күнінің маңыздылығын түсіндіру мақсатында №39 орта мектебінің Кiтапхана мамандары, 3 «К» сынып оқушыларымен бірге «Асқақтай бер, айбынды Қазақстан!» тақырыбында шара өткізілді. 🇰🇿 Мақсаты: оқушыларды өз Отанын сүюге, қазақ екенін, Қазақстанда тұратынын мақтаныш етуге , туған халқының тілін, мәдениетін, салт- дәстүрін сыйлауға тәрбиелеу. Отанға деген партиоттық сезімдерін ояту. Оқырмандарға елінің Туын, Елтаңбасын,Әнұранын, тарихын білуге арналған әдебиеттерді насихаттау. 🇰🇿 Шара барысында оқушылар сұрақ жасырылған шарларды жарып, ішіндегі Отанға , туған жерге, туған елге, рәміздерге қатысты сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар Отан,Қазақстан, туған ел туралы өлең айтып, мақал- мәтелдермен жарысты. 🇰🇿 Және мерекеге орай жасақталған » Егемен елдің еңсесі биік» атты кітап көрмесі таныстырылды. 🇰🇿Оқушыларға Қазақстан Республикасының тарихын, мемлекетіміздің даму жолындағы маңызды кезеңдерін таныстыру, отансүйгіштік қасиеттерін арттыру және елдің болашағына деген сенімін күшейту мақсатында 8 «Б» сыныбында Республика күніне арналған сынып сағаты өткізілді. Сабақ барысында Қазақстанның тәуелсіздік алу тарихы, еліміздің саяси, әлеуметтік және мәдени жетістіктері жайлы айтылды. Оқушыларға Республика күнінің маңыздылығы мен оның еліміздің дамуы үшін рөлі түсіндірілді. Сабақта тарихи оқиғаларға шолу жасалып, Қазақстанның дамуындағы маңызды тұлғалар жайлы айтылды. Сонымен қатар, оқушылардың белсенді қатысуымен топтық талқылаулар өткізіліп, Республика күніне арналған викторина, жасанды интеллект тапсырмаларымен мақалды табу тапсырмалары ұйымдастырылды. Сабақ соңында оқушылар Қазақстанның тәуелсіздігі мен Республика күніне қатысты өз пікірлерін білдіріп, ел болашағына деген сенімдерін көрсетті. Сабақтың негізгі мақсаты орындалды: оқушыларда елге деген сүйіспеншілік, патриоттық сезімдер нығайды. #Біртұтастәрбие #сыныпжетекшіатырау #atyrautarbie Жалпы білім беретін #39мектепте 3 «К» сыныбында 25 қазан-Республика күніне орай «Желбірей бер, көк туым!» тақырыбында сурет көрмесі өткізілді. Сынып жетекші- Муханбетжанова.З #біртұтастәрбие #Атыраутәрбие 25 ҚАЗАН РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕКТЕПІШІЛІК ӘН ҰРАН ОРЫНДАЛДЫ. 🇰🇿Республика күні – Тәуелсіздігімізді ұлықтайтын мереке. Бұл күн – ата — бабамыз аңсаған арманның жүзеге асқан, елімізге еркіндік сыйлаған Ұлы күн. 🇰🇿Мемлекеттің символын айқындайтын маңызды мерекеміз Республика күні құтты болсын! Тәуелсіздігіміз тұғырлы, елдігіміз ғұмырлы болсын. Еліміздің туы асқақтап, келешегі көркейе берсін. #біртұтастәрбие #Атыраутәрбие #патриотизмдауысы

«Менің Отаным – Қазақстан» Құндылық: «Тәуелсіздік және Отаншылдық» Мақсаты : Оқушыларға Қазақстанның тарихын, мәдениетін, табиғатын таныстырып, елге деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімді қалыптастыру. * Оқушылардың бойында мемлекеттік рәміздерге, ұлттық құндылықтарға деген құрмет сезімін ояту.Туған жерді қорғауға және мақтан етуге тәрбиелеу. 8 «Б»сыныбы Сынып жетекші:Сабитова Асылзат

МЕКТЕБІМ — МЕЙІРІМ МЕКЕНІ🔔🔔🔔 Алғашқы қоңырау салтанатты жиыны өтті 🔔Мектеп, мектеп – менің жарқын көңілім, 🔔Мектеп, мектеп – шаттыққа толы өмірім. 🔔Мектеп, мектеп, әнім болып төгілдің 👏Мектеп, мектеп, анам болып көріндің. Мектебімізде 1 қыркүйек -Білім күніне орай «Мектебім — мейірім мекені» тақырыбында салтанатты жиыны өтті. Салтанатты жиында ҚР Мемлекеттік Гимні орындалып, алғашқы құттықтау сөз кезегі мектеп директоры Куанбаева Айман Олжагалиевнаға беріліп, ұстаздар,оқушылар және ата-аналарды жаңа оқу жылымен құттықтап,алғаш мектеп табалдырығын аттағалы отырған бүлдіршіндерге ақ жол тіледі. Шара барысында 1 сынып оқушылары өз арнауларын арнап, ән шырқады,11 сынып оқушылары бүлдіршіндерге естелік сыйлықтарын табыстады. Биылғы оқу жылында мектебімізде 300 бүлдіршін мектеп табалдырығын аттап, 1 сыныпқа қадам басты. Жаңа оқу жылында барша мектеп ұжымына денсаулық, амандық, шығармашылық табыстар тілейміз. Білім берген шәкірттеріміз биіктен көрініп,мерейіміз асқақтай берсін.

You missed

🇰🇿 25- қазан Республика күні. 🇰🇿 Республика күнінің маңыздылығын түсіндіру мақсатында №39 орта мектебінің Кiтапхана мамандары, 3 «К» сынып оқушыларымен бірге «Асқақтай бер, айбынды Қазақстан!» тақырыбында шара өткізілді. 🇰🇿 Мақсаты: оқушыларды өз Отанын сүюге, қазақ екенін, Қазақстанда тұратынын мақтаныш етуге , туған халқының тілін, мәдениетін, салт- дәстүрін сыйлауға тәрбиелеу. Отанға деген партиоттық сезімдерін ояту. Оқырмандарға елінің Туын, Елтаңбасын,Әнұранын, тарихын білуге арналған әдебиеттерді насихаттау. 🇰🇿 Шара барысында оқушылар сұрақ жасырылған шарларды жарып, ішіндегі Отанға , туған жерге, туған елге, рәміздерге қатысты сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар Отан,Қазақстан, туған ел туралы өлең айтып, мақал- мәтелдермен жарысты. 🇰🇿 Және мерекеге орай жасақталған » Егемен елдің еңсесі биік» атты кітап көрмесі таныстырылды.

🇰🇿Оқушыларға Қазақстан Республикасының тарихын, мемлекетіміздің даму жолындағы маңызды кезеңдерін таныстыру, отансүйгіштік қасиеттерін арттыру және елдің болашағына деген сенімін күшейту мақсатында 8 «Б» сыныбында Республика күніне арналған сынып сағаты өткізілді. Сабақ барысында Қазақстанның тәуелсіздік алу тарихы, еліміздің саяси, әлеуметтік және мәдени жетістіктері жайлы айтылды. Оқушыларға Республика күнінің маңыздылығы мен оның еліміздің дамуы үшін рөлі түсіндірілді. Сабақта тарихи оқиғаларға шолу жасалып, Қазақстанның дамуындағы маңызды тұлғалар жайлы айтылды. Сонымен қатар, оқушылардың белсенді қатысуымен топтық талқылаулар өткізіліп, Республика күніне арналған викторина, жасанды интеллект тапсырмаларымен мақалды табу тапсырмалары ұйымдастырылды. Сабақ соңында оқушылар Қазақстанның тәуелсіздігі мен Республика күніне қатысты өз пікірлерін білдіріп, ел болашағына деген сенімдерін көрсетті. Сабақтың негізгі мақсаты орындалды: оқушыларда елге деген сүйіспеншілік, патриоттық сезімдер нығайды. #Біртұтастәрбие #сыныпжетекшіатырау #atyrautarbie