Рубрика: Жаңалықтар

Жалпы білім беретін N39 орта мектептің 4”Е” сынып оқушылары “Отбасы” күніне орай “Менің еңбексүйгіш отбасым”тақырыбында бейнероликтер түсіріп,өз отбасымен өткізген қызықты сәттерімен бөлісті. Мақсаты:Оқушыларды еңбексүйгіштікке баулу,отбасылық құндылықтарды күшейту, отбасылық үлгілі тәжірибені көпшілікке таныту. Сынып жетекшісі:Боранбаева Гүлжан

«Қылмыс және жауапкершілік»тақырыбында мектеп оқушыларына түсіндірме жұмыстарын жүргізілді☑️ Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу – қоғамдағы қылмысты болдырмаудың аса маңызды шарттарының бірі. Осы ретте, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын-алу, оларды болдырмау мақсатында 9 қыркүйек күні Атырау қаласының полиция басқармасы №2 қалалық полиция бөлімі, Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы полиция аға лейтенанты Акбалаев Айдын Болатович мектебімізде 7-8 сынып оқушыларына жиын өткізді. Жиында оқушыларға құқықтық сауаттылықты арттыру бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, полиция қызметкерлеріне қойылған әртүрлі сұрақтарға оқушылар жауап берілді. #Біртұтас_тәрбие #полицияАтырау