https://39-mektep.edu.kz/wp-content/uploads/2024/10/WhatsApp-Video-2024-10-29-at-22.19.17.mp4 Навигация по записям 25 ҚАЗАН РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕКТЕПІШІЛІК ӘН ҰРАН ОРЫНДАЛДЫ. 🇰🇿Республика күні – Тәуелсіздігімізді ұлықтайтын мереке. Бұл күн – ата — бабамыз аңсаған арманның жүзеге асқан, елімізге еркіндік сыйлаған Ұлы күн. 🇰🇿Мемлекеттің символын айқындайтын маңызды мерекеміз Республика күні құтты болсын! Тәуелсіздігіміз тұғырлы, елдігіміз ғұмырлы болсын. Еліміздің туы асқақтап, келешегі көркейе берсін. #біртұтастәрбие #Атыраутәрбие #патриотизмдауысы 🇰🇿Оқушыларға Қазақстан Республикасының тарихын, мемлекетіміздің даму жолындағы маңызды кезеңдерін таныстыру, отансүйгіштік қасиеттерін арттыру және елдің болашағына деген сенімін күшейту мақсатында 8 «Б» сыныбында Республика күніне арналған сынып сағаты өткізілді. Сабақ барысында Қазақстанның тәуелсіздік алу тарихы, еліміздің саяси, әлеуметтік және мәдени жетістіктері жайлы айтылды. Оқушыларға Республика күнінің маңыздылығы мен оның еліміздің дамуы үшін рөлі түсіндірілді. Сабақта тарихи оқиғаларға шолу жасалып, Қазақстанның дамуындағы маңызды тұлғалар жайлы айтылды. Сонымен қатар, оқушылардың белсенді қатысуымен топтық талқылаулар өткізіліп, Республика күніне арналған викторина, жасанды интеллект тапсырмаларымен мақалды табу тапсырмалары ұйымдастырылды. Сабақ соңында оқушылар Қазақстанның тәуелсіздігі мен Республика күніне қатысты өз пікірлерін білдіріп, ел болашағына деген сенімдерін көрсетті. Сабақтың негізгі мақсаты орындалды: оқушыларда елге деген сүйіспеншілік, патриоттық сезімдер нығайды. #Біртұтастәрбие #сыныпжетекшіатырау #atyrautarbie