🇰🇿 25- қазан Республика күні. 🇰🇿 Республика күнінің маңыздылығын түсіндіру мақсатында №39 орта мектебінің Кiтапхана мамандары, 3 «К» сынып оқушыларымен бірге «Асқақтай бер, айбынды Қазақстан!» тақырыбында шара өткізілді. 🇰🇿 Мақсаты: оқушыларды өз Отанын сүюге, қазақ екенін, Қазақстанда тұратынын мақтаныш етуге , туған халқының тілін, мәдениетін, салт- дәстүрін сыйлауға тәрбиелеу. Отанға деген партиоттық сезімдерін ояту. Оқырмандарға елінің Туын, Елтаңбасын,Әнұранын, тарихын білуге арналған әдебиеттерді насихаттау. 🇰🇿 Шара барысында оқушылар сұрақ жасырылған шарларды жарып, ішіндегі Отанға , туған жерге, туған елге, рәміздерге қатысты сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар Отан,Қазақстан, туған ел туралы өлең айтып, мақал- мәтелдермен жарысты. 🇰🇿 Және мерекеге орай жасақталған » Егемен елдің еңсесі биік» атты кітап көрмесі таныстырылды.

Отschool

Окт 29, 2024

От school