Жалпы білім беретін #39 орта мектебінде 29 сәуір күні 9,10,11 сынып оқушыларына «Құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында жиналыс өтті. Жиынға Атырау ОПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілі полиция аға лейтенанты Куанышев Нуртас Нурланулы , Атырау қаласы ПБ 2 қалалық полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі полиция капитаны Кенжеғалиев Мырзахан Салауатович,
Атырау қаласы ПБ 2 қалалық полиция бөлімінің Жергілікті полиция бөлімінің Ювеналды полиция тобының учаскелік полиция капитаны Идаятова Жұлдыз Өсербекқызы қатысып,оқушыларға құқық бұзушылық,тәртіп,жол ережесі,электронды темекі,түнгі рейд,нашақорлықтың алдын алу мәселелерін айтып өтті.
#біртұтас_тәрбие
#заңжәнетәртіп
