2025 жылғы 19 сәуірде №39 жалпы білім беретін мектепте «Атырау жаңа мектеп жобасы» аясында ата-аналарға арналған «Білімнің жаңа парадигмасы: ұлттық құндылық пен IQ» тақырыбында семинар өтті.
Семинардың мақсаты – ұлттық құндылықтар мен оқушылардың зияткерлік қабілеттерін дамыту арасындағы өзара байланысты көрсету. Іс-шара барысында ата-аналарға баланың интеллектуалдық дамуына ұлттық тәрбие арқылы әсер ету жолдарын барлық пән бірлестіктері үш топқа бөлінген ата-аналарды жеке-жеке қабылдап, жұмыстарын таныстырып, тәжірибелік мысалдар, зерттеулік жобалар, көріністерін ұсынылды.
Кездесу мазмұнды пікір алмасуға, ата-аналардың белсенді қатысуына және ортақ мақсатқа бағытталған жаңа көзқарастардың қалыптасуына жол ашты.
