16 қазан күні мектебімізде «Самға»жастар денсаулық орталығының мамандарының қатысуымен 9-11 сынып қыз балаларымен жиын өткізілді. Жиынды «САМҒА»жастар орталығының меңгерушісі Талғат Алишер Талғатұлы ашып келген мамандармен таныстырды. Қыз балаларға жеке бас гигиенасын ұстану, жақсы мінез, салауатты өмір салтын сақтауды қалыптастыру, дұрыс күтім жасауға үйрету қағидалары түсіндіріліп, жас қыздарға арналған кейбір дәстүрлі кеңестерді ұсынды. АИТВ орталығының эпидемиологы Баймуханова Мереке Утегеновна жұқпалы аурулардың салдары,таралу жолдарын,төнетін қауіп-қатерлердің алдын-алу жолдарын түсіндірді. Дерматолог,венеролог,терапевт маман Қалмен Баян Есенбайқызы тері арқылы пайда болатын жұқпалы ауруларды,қазіргі таңда өңірімізде белең алып отырған тері аурулары жасөспірім қыздардың тырнақ,кірпік жапсыру салдарынан туындайтын аурулардың көбейіп отырғандығын ,оның бірден-бір себебі препараттардың санитарлық талапқа сәйкес еместігін,сертификатталмағанын түсіндірді. Қыз балалар арасында “Ерте жүктіліктің алдын-алу”тақырыбында гинеколог маман Серікбаева Сая Нұрлыбайқызы Ерте жүктіліктен қалай сақтануға болады? Ерте жүктілік немен қауіпті? Ерте жүктілік деген не? тақырыптарында кеңінен түсіндіріп, ерте жүктіліктің қыз бала денсаулығына әсері жайында ашық ақпарат берілді.Кездесу барысында оқушы қыздарымыз ашық сұқбат жүргізіп,мамандарға өз сұрақтарын қойып,кері байланыс алынды. #Біртұтас_тәрбие #Адал_азамат #қыздар_жиналысы #ертежүктілік #АИТВ #самғажастарорталығы