Жалпы білім беретін №39 орта мектебінде 14 қазан күні төтенше жағдайлардың алдын-алу мақсатында сейсмикалық жаттығу жиыны өткізілді. Жаттығу мақсаты: • Оқушылар мен мектеп қызметкерлерін жер сілкінісі кезінде қауіпсіз әрекет етуге үйрету; • Эвакуациялау тәртібін пысықтау; • Төтенше жағдай кезінде жауапты тұлғалардың рөлін нақтылау; • Азаматтық қорғаныс жоспарын тәжірибеде іске асыру. Жиынға мектеп оқушылар,ұстаздар және қызметкерлер қатысты. Жаттығу барысы: Жер сілкінісі туралы шартты дабыл берілген соң, барлық оқушылар мен қызметкерлер қауіпсіз орындарға эвакуацияланып, мектеп алаңына жиналды. Жаттығу барысында эвакуация уақыты, тәртіп сақтау деңгейі және қатысушылардың дайындық деңгейі бағаланды. Сейсмикалық жаттығу жоспарға сай өткізілді. Төтенше жағдай кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.