Жаңалықтар Жалпы білім беретін №39 орта мектебінде Қазақстан Республикасының Егемендік декларациясының қабылданғанына 35 жыл толуына орай патриоттық бағыттағы фильмдер көрсетілімі 5 сынып оқушыларына ұйымдастырылды 10 ноября, 2025 admin
Жаңалықтар Жалпы білім беретін N39 орта мектептің 4”Е” сынып оқушылары “Отбасы” күніне орай “Менің еңбексүйгіш отбасым”тақырыбында бейнероликтер түсіріп,өз отбасымен өткізген қызықты сәттерімен бөлісті. Мақсаты:Оқушыларды еңбексүйгіштікке баулу,отбасылық құндылықтарды күшейту, отбасылық үлгілі тәжірибені көпшілікке таныту. Сынып жетекшісі:Боранбаева Гүлжан 19 сентября, 2024 school
Жаңалықтар Отбасы күніне орай «Отбасы-тәрбиенің алтын бесігі» тақырыбында 8 сынып оқушылары арасында челлендж ұйымдастырылды. 8 «Б»сыныбы Сынып жетекшісі: Сабитова А #Біртұтас_тәрбие_атырау #Отбасыкүні2024 #Otbasym2024 19 сентября, 2024 school
Жаңалықтар «Қылмыс және жауапкершілік»тақырыбында мектеп оқушыларына түсіндірме жұмыстарын жүргізілді☑️ Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу – қоғамдағы қылмысты болдырмаудың аса маңызды шарттарының бірі. Осы ретте, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын-алу, оларды болдырмау мақсатында 9 қыркүйек күні Атырау қаласының полиция басқармасы №2 қалалық полиция бөлімі, Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы полиция аға лейтенанты Акбалаев Айдын Болатович мектебімізде 7-8 сынып оқушыларына жиын өткізді. Жиында оқушыларға құқықтық сауаттылықты арттыру бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, полиция қызметкерлеріне қойылған әртүрлі сұрақтарға оқушылар жауап берілді. #Біртұтас_тәрбие #полицияАтырау 19 сентября, 2024 school
Жаңалықтар «Менің Отаным – Қазақстан» Құндылық: «Тәуелсіздік және Отаншылдық» Мақсаты : Оқушыларға Қазақстанның тарихын, мәдениетін, табиғатын таныстырып, елге деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімді қалыптастыру. * Оқушылардың бойында мемлекеттік рәміздерге, ұлттық құндылықтарға деген құрмет сезімін ояту.Туған жерді қорғауға және мақтан етуге тәрбиелеу. 8 «Б»сыныбы Сынып жетекші:Сабитова Асылзат 17 сентября, 2024 school
Жаңалықтар МЕКТЕБІМ — МЕЙІРІМ МЕКЕНІ??? Алғашқы қоңырау салтанатты жиыны өтті ?Мектеп, мектеп – менің жарқын көңілім, ?Мектеп, мектеп – шаттыққа толы өмірім. ?Мектеп, мектеп, әнім болып төгілдің ?Мектеп, мектеп, анам болып көріндің. Мектебімізде 1 қыркүйек -Білім күніне орай «Мектебім — мейірім мекені» тақырыбында салтанатты жиыны өтті. Салтанатты жиында ҚР Мемлекеттік Гимні орындалып, алғашқы құттықтау сөз кезегі мектеп директоры Куанбаева Айман Олжагалиевнаға беріліп, ұстаздар,оқушылар және ата-аналарды жаңа оқу жылымен құттықтап,алғаш мектеп табалдырығын аттағалы отырған бүлдіршіндерге ақ жол тіледі. Шара барысында 1 сынып оқушылары өз арнауларын арнап, ән шырқады,11 сынып оқушылары бүлдіршіндерге естелік сыйлықтарын табыстады. Биылғы оқу жылында мектебімізде 300 бүлдіршін мектеп табалдырығын аттап, 1 сыныпқа қадам басты. Жаңа оқу жылында барша мектеп ұжымына денсаулық, амандық, шығармашылық табыстар тілейміз. Білім берген шәкірттеріміз биіктен көрініп,мерейіміз асқақтай берсін. 16 сентября, 2024 school